қазақша · русский · english
 
 
 
22.02.2022

«Жастар кәсіпкерлігі» курсы бойынша дәріс

 

2022 жылғы 18 ақпанда университеттің ұйымдастыруымен «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы білім алушыларға «Жастар кәсіпкерлігі» курсы бойынша бірінші дәрісін оқып бастады. Дәріс 11 наурызға дейін жалғасын онлайн және офлайн форматында жүргізіледі.

 

«Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы жауапкершілі шектеулі серіктестігі оқыту департаменті директоры орынбасары Тлеулиев Нурлыбек қатысты.

 

Дәрісті «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығының бизнес-тренерлері Гүлбахыт Жолдасбекова, Малик Мусабеков оқыды.

 

Шараны Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент директорының орынбасары Д. Ділдәбек ашып беріп, бизнеспен айналысқысы келетін студент-жастарға сәттілік тіледі.

 

Дәрісте кәсіпкерліктің мәні, «кәсіпкер» және «кәсіпкерлік» ұғымдары туралы ақпараттық түсіндірмелер беріліп, студенттерге келесі дәріске бизнес идеяларын дайындап келуін сұрады.

 

Сонымен қатар, студенттердің сауалдарына жауап берілді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент




Кері оралу