Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент | Басты / Біз туралы / Университет құрылымы / Департаменттер / Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент / Жаңалықтар
14.02.2022
Әлеуметтік даму жөніндегі проректордың жатақхана студенттерімен кездесуі
2021-2022 оқу жылының II-семестрге оқуға келген жатақханаға орналасқан студенттердің жалпы жағдайын білу мақсатында әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шыңғыс Нұрланов және Тәрбие департаменті директорының орынбасары Дидарбек Ділдабек барлық жатақханаларды аралап, студенттермен кездесу өткізді.
Кездесу барысында студенттерге жатақхана тәртібі, оқу орнының ішкі тәртібі, университет қабырғасында және одан тыс жерлерде қоғамдық тәртіп сақтаудың маңыздылығын, өрт қауіпсіздігі және техника қауіпсіздігімен таныстырылып, эпидемиялық жағдайды ескеріп жүруді айтты.
Сонымен қатар, студенттер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, жатақханада тұру жағдайын жақсартуға байланысты ұсыныстары мен өтініштеріне ұтымды жауаптарын алды.
Кездесу соңында проректор Ш.Н. Нұрланов студенттерге оқу жылын жемісті аяқтап, сәтті болуына тілектестігін білдірді!
Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|