қазақша · русский · english
 
 
 
17.01.2022

«Күшіміз бірлікте» қайырымдылық акциясы

 

Қаңтар айының басында елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты университет қабырғасында бірқатар әлеуметтік шаралар қолға алынды. 2022 жылдың 11-14 қаңтар аралығында Тәрбие департаменті «Күшіміз бірлікте» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

 

Қайырымдылық акциясы барысында жатақханада тұратын шетелдік және әлеуметтік қолдауға мұқтаж студенттерге түрлі әлуметтік көмектер көрсетілді.

 

Университет ректоры Дархан Биляловтың бастамасымен жатақхана тұрғындарына азық-түлік себеттері үлестірілді.

 

Сонымен қатар, «Damu biznes group» кәсіпкерлер палатасы мен «Rixos» компаниясы тарапынан тұрмыстық тазартқыш заттар мен азық-түліктер табысталды. «Jas Otan» Жастар қанатының ұйымдастыруымен студенттерге дайын ыстық тағамдар таратылды.

 

Университет ұжымы және студент жастары атынан ректор Дархан Нұрланұлына және «Damu biznes group» кәсіпкерлер палатасына, «Rixos» компаниясына, «Jas Otan» Жастар қанатын қиын-қыстау уақытта қолдау көрсеткендері үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар

және жастар саясаты жөніндегі департамент

 




Кері оралу