қазақша · русский · english
 
 
 
21.12.2021

«Тәуелсіздік-тұғырым» жастар флешмобы


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында «Медеу» мұз айдынында «Тәуелсіздік-тұғырым» жастар флешмобы өткізілді. Шараның басты мақсаты - мемлекеттік меркенің мәртебесін және жастардың азаматтық белсенділіктерін арттыру.


Шараны Әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шыңғыс Нұрланов ашып, жастарды белсенді және өз елінің патриоты болуға шақырды.


Университеттің белсенді жастары Қазақстан туын көкке желбіретіп, мұз айдынында 30 санын жазды. Осылайша олар ел Тәуелсіздігіне деген құрмет сезімдерін жеткізді.


Флешмобты өткізуге қолдау көрсеткен Медеу ауданы әкімдігіне және ауқымда шараға атсалысқан барша белсенді жастарға шексіз алғысымызды білдіреміз.


Шараның ұйымдастырушылары Тәрбие, әлеуеметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті.

 

   

 

   

 

   

 

   


Тәрбие, әлеуеметтік жұмыстар және

жастар саясаты жөніндегі департаменті

 




Кері оралу