Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент | Басты / Біз туралы / Университет құрылымы / Департаменттер / Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент / Жаңалықтар
27.01.2017
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі ҮНДЕУІН талқылау бойынша дөңгелек үстел
2017 жылдың 26 қаңтары күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ғылыми қауым арасында «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі ҮНДЕУІН» талқылау бойынша кеңейтілген дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына бірінші проректор М.Е. Ермағанбетов, Тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ж.Е. Ішпекбаев, институт директорлары және профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Дөңгелек үстел жұмысын бірінші проректор М.Е. Ермағанбетов ашып, Үндеудің негізгі мақсатын атап көрсетті. Дөңгелек үстел жұмысы барысында Қылмыстық құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Төлеубекова Бахытжан Хасеновна, Халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдарының докторы, профессор Симтиков Жомарт Құдайбергенұлы, Халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Кузнецов Евгений Александрович, Халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Сабитова Айнұр Алимханқызы, Саясаттану және әлеуметтік философия пәндер кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Құсайынов Дәуренбек Өмірбекұлы, Жастар ісі жөніндегі төрағасы Сеитов Рашид Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының қазақстандықтар үшін жариялаған Үндеуі еліміздің тұтастай саяси жүйесін демократияландырып, билік өкілеттіктерін үйлесімді теңгеруге бағытталғандығын атап кетіп, ұсынылып отырған Реформаның заңнамалық-құқықтық, саяси, экономикалық және әлеуметтік аспектілері бойынша тұшымды ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстел жұмысын қорытындылай келе профессор М.Е. Ермағанбетов Мемлекет басшысының ұсынған Үндеуін болашақ Қазақстанның қарқынды дамуына, саяси партиялардың рөлін айқындап, демократиялық қоғамның күшейюіне жол ашатындығына сеніміміз мол екендігін білдірді.
Тәрбие, әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі басқарма Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|