Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент | Басты / Біз туралы / Университет құрылымы / Департаменттер / Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент / Жаңалықтар
16.11.2021
Университеттің профессор-оқытушылар құрамы арасында Спартакиада басталды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Тұңғыш Президенті күніне орай 2021 жылдың 13 қарашасы күні Спартакиаданың ашылу салтанаты болды.
Шараны Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Басқарма төрағасы-ректор Дархан Билялов ашып, қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Профессор-оқытушылар құрамы арасында ұйымдастырылып жатқан Спартакиада қараша айының әр сенбісінде волейбол, шахмат, арқан тарту, үстел теннисі және эстафеталық ойындарынан өткізіледі.
20 қараша күні үстел теннисі мен шахматтан, 27 қарашасы күні эстафеталық ойындар бойынша жарыстар жүргізіледі. Ойын қорытындысы бойынша жалпы командалық есеп бойынша жеңімпаз атанған командаларға түрлі марапаттар жасалады.
Спартакиаданың жалпы жүлде қоры 290 000 мың теңгені құрайды. 1 орын - 120 000 теңге, 2 орын - 70 000 теңге, 3 орын - 50 000 теңге және 5 үздік ойыншыға 10 000 теңге ақшалай сыйақылар тағайындалатын болады. Қаржылық қолдау Қызметкерлер кәсіподақ ұйымы тарапынан жүргізіледі.
Жарыстар барысында санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталып, медициналық қызметкерлердің кезекшілігі жүргізілуде.
Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|