қазақша · русский · english
 
 
 
22.12.2016

«ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН: ЕЛБАСЫ ТАҒЫЛЫМЫ»

ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ ДӘРІСІ

 

         2016 жылдың 25 қарашасы күні  Тұңғыш Президент күніне орай және  Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында  мемлекетіміздің аса күрделі де жарқын сәттерін баяндап, тәуелсіз жас республикамызды қалыптастыру жолындағы Елбасының айшықты қадамдарын ашып көрсететін «Егемен Қазақстан: Елбасы тағылымы»  атты тарихи-танымдық дәріс өтті. Студент-жастарға берері мол, тәрбиелік мәні бар бұл дәрісті  Қазақстан Республикасының Сенат депутаты, саяси ғылымдарының докторы,  Саяси ғылымдар академиясының вице-президенті Ақан Құсайынұлы Бижанов оқыды. Дәріс жұмысын  университет ректоры, академик Серік Жайлауұлы Пірәлиев ашып,  аудиторияға жиналған  профессор-оқытушылар құрамы мен студент-жастарды  алда келе жатқан ҚР Тұңғыш Президенті күнімен және  Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесімен құттықтады. Ұлт көшбасшысы, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ҚР Тәуелсіздігі жолындағы зор еңбектерін айта келе, сөз кезегін дәрістің құрметті қонағы Ақан Құсайынұлына берді. Ақан Құсайынұлы өз кезегінде ҚР Тәуелсіздігінің ең алғашқы жылдарынан бастап қазіргі уақытқа дейінгі тарихи маңызы бар кезеңдерге шолу жасап өтті. Президенттің өз қызметіндегі ең алғашқы қадамдарына тоқталып, оның еңбекқорлығын, көрегендігін жастарға үлгі ете келе Тәуелсіздіктің алғышқы жылдары орын алған кейбір ұлтаралық қарым-қатынастарды дипломатиялық жолмен, бейбіт түрде шешуге қосқан зор үлестері жайлы тағылымға толы баяндама жасады.

Өнер, мәдениет және спорт институтының  директоры,  педагогика ғылымдараның докторы, профессор Берікжан Әлмұхамбетов, Шығыс тілдері кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Князь  Мирзоев өз баяндамаларында Тәуелсіздік тарихына көз жүгіртіп, Қазақстанның қазіргідей қарыштап дамып отырғаны - елімізді мекендеуші барлық этностардың ынтымағы мен бірлігінің арқасы екендігін атап айтты.

Еркін микрофонда сөз алғын академик Күләш Оразбекова және профессор Раушанбек  Абсаттаров Тәуелсіз Қазақстанды құру жолындағы Елбасының ерен еңбектері және қазіргі қоғамдағы мемлекеттік тілді мәртебесі туралы тұшымды ойларымен бөлісті.

Тарихи-танымдық дәріс соңында М.Ғабдуллин атындағы «Тұлғатану» орталығының директоры Дана Мұқатқызы Сенат депутаты  Ақан Құсайынұлы Бижановқа  тағылымдық дәрісі үшін алғысын айтып, университет  басшылығы атынан құрмет көрсетті.

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

жастар саясаты жөніндегі басқармасы




Кері оралу