қазақша · русский · english
 
 
 
03.12.2016

ЖҰМАДАҒЫ ЖЫЛУЛЫҚ

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және 3 желтоқсан - Халықаралық Мүгедектер  күніне орай Тәрбие басқармасы және Тарих және құқық институтының бірлесе ұйымдастырумен 2016 жылдың 2 желтоқсанында «Жұмадағы жылулық» атты қайырымдылық акциясы өтті.

Институт директоры, профессор Болат Жұмағұловтың тікелей   бастамасымен  жүргізілген бұл шара Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты мүгедек балаларға арналған №2 Балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балғын сәбилеріне арналды.

Институт студенттері Аяз атамен Ақшақар кейпінде киініп, балғын сәбилерге мерекелік бағдарлама мен  сыйлықтарын ұсынды. Кішкентайынан ата-анасының мейірімін көрмеген балғын балапандар үшін бұл шара тосын сыйға толы, жан жылуын сыйлаған мереке болды.

Мекеме басшысы Латифа Хамзақызы Қожамқұлова қарамағындағы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балғындарға  бағытталған бұл шараға мұрындық болған ҚазҰПУ басшылығы мен студенттеріне ерекше алғысын білдірді.

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқармасы


 




Кері оралу