Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент | Басты / Біз туралы / Университет құрылымы / Департаменттер / Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент / Жаңалықтар
11.11.2016
«100 нақты қадам - қарышты даму жолы» пікірсайыс турнирі 2016 жылдың 11 қарашасы күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ректор кубогына арналған пікірсайыс турнирі өтті. Пікірсайыс турнирінің басты мақсаты - бүгінгі жаһандану дәуірінде Қазақстан секілді жас мемлекеттің қарышты дамуы үшін студент-жастардың бойында өз болмыс-бітімін, ана тілін, ұлттық, рухани намысын сақтап, бүгінгі қоғамдаға орын алып жатқан көкейкесті мәселелерді талқылап, жастардың бойында азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру болды. Университетіміздің Тәрбие басқармасы және Жастар ісі жөніндегі комитеті ұйымдастырған турнирге білім ордамыздың барлық институттары атсалыса қатысты. Қазақ және орыс тілдерінде ұйымдастырылған турнирде Елбасының «100 нақты қадам ұлттық жоспары» аясында іске асырылып жатқан бағдарламалары талқыланды. Жастар төмендегідей қарарларды қарастырды: 1. БП. 100 нақты қадам жобасы- нағыз қарыштап дамудың жолы д.е. 2.БП Алматы қаласындағы жол кептелісі мәселесін шешудің ең оңтайлы жолын көрсетеді. 3.БП. Ел дамуына гуманитарларға қарағанда технократтар көп үлес қосады д. е. 4. БП. Қазақ тарихындағы ең басты жетістікті көрсетеді. 5. БП. ЖаҺандануда барлық салт-дәстүрлерді ұстану ақталады. Қатысушылардың ойындары Американдық Парламенттік формат шеңберінде өтті. Оған сәйкес бірмезгілде 16 команда (32 спикер) ойнап, қазылар алқасының алқалық шешімі шығарылды. Пікірсайыс турнирінің қорытындысы бойынша ІІІ орынды «Сен үшін Ақош» фракциясынан Аманбаев Сұңғат, Ыдырыс Сымбат, ІІ орынды «М. Базылбеков» фракциясының студенттері Үсенов Нұрболат, Айдын Бұлбұл, I орынды «Мəншүк пен Əлия» фракциясынан Мұралбек Мейіргүл, Серік Биғазат иемденді. Сондай-ақ турнир барысында Абай атындағы ҚазҰПУ-нің студенті Үсенов Нұрболат «Ең үздік спикер» номинациясын алды. Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Сеитов Рашид жас пікірсайысшыларға сәттілік тілей отыра, бағындырар белестерінің көп боларына сенімін білдіріп, барлық қатысушыларға ізгі ниет айтты. Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқармасы Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|