қазақша · русский · english
 
 
 
09.11.2016


ТӘРБИЕНІҢ КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Ағымдағы жылдың 9 қарашасы күні Тәрбие ісі жөніндегі проректор Ж.Е. Ішпекбаев университеттегі тәрбие үдерісінің жүргізілу барысы мен алдағы жоспарларын, жалпы студенттер магистранттардың әлеуметтік-тұрмыстық жағыдайын қадағалау мақсатында институт директорларымен кезектен тыс жиналыс өткізді. Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер:
1. Жастардың қауіпсіздігі және олардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру
2. Тәрбие жетекшілігі жүйесінің жүргізілу барысы
3. Білім алушыларды жатақханаға орнастыру жұмыстарының есебі және жатақханадағы әлеуметтік-тұрмыстық ахуал
4. Ағымдағы жылдың 8-18 қараша күндері аралығында «Нұрлы үмітін арқалаған «STUDENTS LIVE» атты онкүндік бағдарламасымен таныстыру
5. Кешенді медициналық және флюорографиялық тексерістің жүргізілу барысы
6. Жатақханалардағы ПОҚ кезекшілігінің жүргізілу барысы
Жиын барысында проректор Ж.Е. Ішпекбаев кейінгі уақытта қалада студент-жастар арасында жиі орын алып жатқан түрлі оқыс оқиғалар туралы атап айтқанда, өткен жексенбі күні "Almaty Towers" бизнес орталығында болған жантүршігер өртте Алматы қаласындағы бірқатар ЖОО студенттерінің қаза болуы өкінішті жағдай екенін алға тартты. Осы орайда, алдағы уақытта мұндай олқылықтардың алдын алу, студенттердің еңбек құқықтарын қорғау, заңсыз жұмыс жасауына жол бермеу, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру үшін барлық институт директорларына білім алып жатқан студенттер мен магистаранттар туралы толық мәліметтер жинақтап, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын қатаң қадағалауға алуларын тапсырды.
Сонымен қатар, тәрбие жетекшілігі жұмысын күшейту, кешенді медициналық тексерістің тиімді жүргізілуін қадағалау, «Нұрлы үмітін арқалаған «STUDENTS LIVE» атты онкүндікке студенттерді белсенді қатыстыру, жатақханалардағы ПОҚ кезекшілігін белгіленген кестеге сәйкес ұйымдастыру қажеттігін айтып өтті.
Өз кезегінде, барлық институт директорлары бұл мәселелердің қатаң қадағалауда тұрғандығын атап кетті.

 




Кері оралу