Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент | Басты / Біз туралы / Университет құрылымы / Департаменттер / Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент / Жаңалықтар
09.11.2016
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Медеу аудандық «Нұр Отан» партиясының ағымдағы жылдың V тоқсандағы республикалық желілік кестеге сәйкес «Тәуелсіз жылдардағы мемлекеттік тіл саясаты» атты ғылыми-практикалық конференция Ағымдағы жылдың 8 қарашасы күні университетіміздің бас ғимаратында Тәрбие басқарамасы мен Жалпы тілі білімі кафедрасының бірлесе ұйымдастыруымен «Тәуелсіз жылдардағы мемлекеттік тіл саясаты» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Шараны Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқарма бастығының орынбасары Қазына Бекбенбетова ашып, конференцияның мақсаты Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы мемлекеттік тілдің рөлін анықтау және оның қолдан аясын кеңейту көздейтіндігін атап айтты. Әрі модератор, әрі баяндамашы ретінде болған жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Есенова Қалбике Тәуелсіздік алғаннан бергі мемлекеттік тіліміздің тынысы жайлы, соның ішінде қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі, 1997 жылғы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңының маңызы туралы айта кете, егеменді елімізде мемлекеттік тіл саясатын дамытуға деген ауқымды реформалар жасалып жатқандығы туралы мазмұнды баяндама жасады. Филология ғылымдарының докторы, профессор Қосымова Гүлбану «Мәңгілік ел идеясын жүзеге асырудағы мемлекеттік тілдің өміршеңдігі» деген баяндамасы жас қауым көңілінен шықты. Бейне экран арқылы ұсынылған тарихи-тағылымдық, терең мағыналы баяндама қазақ тілінің терең тарихы, түркі тілдер тобына жататын қазақ тілінің ежелгі өркениет өкілдері шумер тілімен жақындығы жайлы айтылып, ана тіліміздің қалыптасып дамуы жайлы танымдық деректі материалдар жастар назарына ұсынылды. Сонымен қатар, аталмыш конференцияның баяндамашылары қатарында филология мамандығының 2 курс докторанты Бейсенбаева Меруерт және Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Сеитов Рашид болды. Жиын қорытындысында тіл саясаты жайлы ұсыныс-пікірлер айтылды. Түйінде келе, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру және оның қолданыс аясын кеңейту әрбір қазақстандықтың азаматтық міндеті деп білеміз. Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқармасы Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|