қазақша · русский · english
 
 
 
01.11.2016

 

Жалпықалалық сенбілік

 

Алматыда жыл сайын қыркүейк-қараша айларында дәстүрлі түрде қаланы абаттандыру және санитарлық тазалау мақсатында жалпықалалық сенбілік өткізіліп келеді.
Жалпықалалық сенбіліктің негізгі мақсаты тұрғындарды қала көшелеріндегі тазалықты сақтауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға шақыру.
Осы орайда, сенбілік жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 29 қазаны күні ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке университетіміздің 1500-ден астам белсенді студенті мен тәрбие жетекшісі тазалық жұмыстарына жұмылдырылды.
Тазалық жұмыстары Медеу әкімгінің бекітілген аумақтарында жүргізілді. Атап айтқанда, санитарлық-тазалық жұмыстары «Достық» скверінен басталып Тіксайөзеніне дейінгі аумақтарды қамтыды.
Тәрбие басқармасы жастардың белсенділіктерін арттыру және еңбекке ынталандыру мақсатында Tele 2 мобильді байланыс операторымен бірлесе әлеуметтік акция ұйымдастырып, аса еңбекқорлығымен ерекшеленген студенттерге қосымша 1 ГБ интернет трафик пакетін сыйлады.
Осылайша, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ұжымы мен студенттері ағымдағы жылдың 10-шы қыркүйегінен бастап жалпықалалық сенбілікте ұйымшылдық пен жауапкершілік танытып келеді.
Әрбір институт директоратының қолдауымен бүгінде Абай атындағы ҚазҰПУ жастары қала тазалығына өз үлестерін қосып келуде.


 

 

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар
және жастар саясаты жөніндегі басқармасы

 

 




Кері оралу