қазақша · русский · english
 
 
 
24.10.2016

Қара шаңырақта академик Әлия Сәрсенқызы Бейсенованың

«Қазақ Елі - Мәңгілік Ел» атты монографиясының тұсауы кесілді

 

Үстіміздегі жыл тарихымыздың тағылымды да, тарлан жылы болып отыр.  Себебі біз Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтудеміз. Осынау тарихи мәні мен мазмұны жоғары мерейтой аясында 2016 жылдың 19 қазан күні  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде география ғылымдарының докторы,  ҚР ҰҒА-ның академигі, Жоғары мектеп Ғылым академиясының академигі, ҚР Білім Академиясының академигі Әлия Сәрсенқызы Бейсенованың «Қазақ Елі - Мәңгілік Ел» атты монографиясының тұсаукесері өтті.

Бұл еңбекте қазіргі таңдағы мемлекетіміздің негізгі тірегі жеріміз, табиғатымыз жайлы және де халқымыздың сан ғасырлық  дәстүрі,  мәдениеті, тілі, діні, ділі жөнінде өте бағалы мағлұматтар келтірілген. Тәуелсіз еліміздің экономикасының тұрақты даму жолындағы Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың  жасаған оңтайлы реформалары мен стратегиялары байыпты баяндалған. Сонымен қатар, тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың   барлық түркі тілдес мемлекеттерді жақындастыру және мемлекетімізді әлемнің көшбасшыларының біріне айналдыру саясаты  мазмұндалып,  «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының тарихи негіздері кеңінен ашылған.  

         Шараға еліміздік белгілі академиктері, ғалым-профессорлары мен қоғам қайраткерлері қатысты. Соның қатарында академик К. Нәрібаев, академик А. Абылқасымова, профессор М. Қойгельдиев, профессор          Б. Сманов , профессор Б. Кәрібаевтар қатысып, аталмыш еңбекке оң бағаларын берді.

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

 жастар саясаты жөніндегі басқармасы




Кері оралу