қазақша · русский · english
 
 
 
24.10.2016

 

Ағымдағы жылдың 14 қазаны күні Байтен Омаров атындағы «Жас сахна» театры ғимаратында «Мәдениет саласында стартапты құру» тақырыбында шеберлік сабағы өткізілді. Шеберлік сабағын «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі, «Жас сахна» театрының директоры Айгүл Сұлтанбекова жүргізді. Шеберлік сыныбына Абай атындағы ҚазҰПУ-дың әр институттарынан 30 студент, магистранттар қатысты. Айгүл Сұлтанбекова бас тақырып мазмұнын жиналған қонақтарға қарапайым тілмен жеткізе білді. Мәдениет саласында бизнес жобасын жасауға талаптанып жүрген жастарымызға, тәжірибелі маман өзінің біршама бағдарлы ақыл-кеңестерімен бөлісті. Атап айтар болсақ, қазіргі нарықтық қатынастар заманында мәдениет саласында бизнеспен айналысудың біршама ерекшеліктерін айта келе, шығармашылықты табыс көзіне айналдырудың тетіктерін жас студенттерге түсіндірді.

 

Мәдениет және өнер саласында бизнес жоспар жасағанда ең маңызды мәселе қаржы екенін айта келе, барлық шығындар мен кірістерді және қызметкерлердің жалақыларын кәсіби түрде ойластырған дұрыс деп айта келе, кез келген бизнесте ең бастысы серіктестеріңіздің материалдық базасы екенін ескертті. Айгүл Сұлтанбекова өзінің балалық шағына және осы шығармашылық кәсіп саласына келу себептерін айтып, жастардың көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап берді. 

 

Шара соңында барлық қатысушы студенттерге сертификаттар табысталды.

 

Бұл шеберлік сыныбы Алматы қаласының жастар саясаты басқармасының қолдауымен инновациялық және бизнес алаңдарын дамыту жобасы шеңберінде өткізілді.

 

               


 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқармасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Кері оралу