қазақша · русский · english
 
 
 
23.06.2016

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

2016 жылдың 16 маусымы күні университет ректоры С.Ж. Пірәлиевтің төрағалығымен өткен Ғылыми Кеңесте Тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ж.Е. Ішпекбаевтың жылдық есебі тыңдалды.
Проректор есептік кезеңде тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысында келесі басымдықтарға:
- «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу;
- діни сауаттылықты арттыру;
- әлеуметтік-психологиялық жұмыс;
- сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылықтың алдын алу;
- салауатты өмір салтын қалыптастыру;
- студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту;
- тәрбие жетекшілігі жұмысын жетілдіруге аса мән берілгендігін атап өтті.

Сонымен қатар, тәрбие үдерісі университеттің стратегиялық, кешенді, тәрбие жұмысының жылдық, мерзімді жоспарларына сәйкес жүзеге асырылғандын тілге тиек етті. Жалпы жыл бойы жоспарлы және жоспардан тыс 758 шара өткізілді.
Университеттің Ғылыми Кеңесі мүшелері академик Ә.С. Бисенова, Ж.Ы. Намазбаева, профессор Б.А. Әлмұхамбетов, Б. Әбдіғазиұлы, Р.Ә. Шаханова, К.К. Жампеисовалар Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы қара шаңырақтың тәрбие жұмысының басым бағытына айналғандығын айта кетіп, бұл бағыттағы жұмыстарды жоғары бағалап, келешекте тәрбие үдерісін жандандыру бойынша ұсыныстарын білдірді.
Тәрбие жұмысының есебі аясында студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында университет жанында жұмыс жасайтын студенттік клубтар мен үйірмелердің көрмесі ұйымдастырылды.

Тәрбие жұмысы, жастар саясаты және
мемлекеттік тілді дамыту басқармасы

 




Кері оралу