қазақша · русский · english
 
 
 
07.05.2016

ҚАРА ШАҢЫРАҚТА МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ МӘҢГІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2016 жылдың 6 мамыры күні Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты және Парламенті Мәжілісінің депутаттары Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті профессор-оқытушылар құрамы, студенттері және магистранттарымен кездесті. Депуттар корпусынан: Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Оразалин Нұрлан Мырқасымұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжiлiсінің депутаты Құсаинов Серік Досымханұлы, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры- Әбжанов Ханкелді Махмұтұлы, Алматы қаласы Түркісіб ауданы прокурорының орынбасары - Жылысбаев Бауыржан Байсеитұлы қатысты.
Шара барысында халық қалаулылары Жер кодексі аясында әңгіме өрбітіп, Елбасының күні кеше ғана жарияланған мораториясын талқыға алды.
Университеттің студент-жастар өз кезегінде депуттарға көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, байыпты жауаптaр алды.
Шара соңында ел ағалары жастарды білімге, бірлікке, татутылық пен ынтымақтастыққа шақырып, қазіргі қоғамда орын алып жатқан келеңсіздер мен түсініспеушіліктерге саналы түрде қарап, халық тыныштығын сақтауға баса назар аударды.

 

Тәрбие жұмысы, жастар саясаты
және мемлекеттік тілді дамыту басқармасы

 




Кері оралу