қазақша · русский · english
 
 
 
19.03.2016

Әлемді құтқаратын сұлулық...

«Сән әлемі» десе, бұл әлем кеше ғана пайда болып, жер жүзіне тарағандай болып елестейді. Себебі бүгінгі ауызекі тілдегі «мода» ұғымы заман ағымымен қоса жылжып, жа¬ңа¬рып отыру дегенді білдіреді.
Бүгінгі күнгі сән үлгісі өзіндік стиль мен әркімнің тәуелсіз талғамына сүйенуімен ерекше. Әлемді құтқаратын сұлулыққа құштарлық қанша уақыт өтсе де өз құндылығын жоғалтқан емес.
Осы орайда жастарды сұлулық пен әсемдікке баулу мақсатында 2016 жылдың 16 наурызы күні Тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасы мен филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен «Сән феномені туралы диалогтар» аттыфестиваль болып өтті. Аталмыш фестивальға п.ғ.д. профессор Г. Қажығалиева, аға оқытушы Р. Тоқтамова, ф.ғ.к., доцент З. Өмірзақова, п.ғ.к., доцент Р. Бекішева, т.ғ.к., аға оқытушы Е. Омарованың жетекшілігімен Өнер, мәдениет және спорт институты мен Жаратылыстану және география институтының бірінші курс студенттері қатысты.
Шара: «Таныстыру», «Автордың стилін анықтау», «Аударма», «Болашақ сән әлемі» сынды төрт бөлімді қамтыды. Фестивальда «Подиум ханшайымы» және «Гламур» командасы бақ сынасты. Қос топтың өнерлерін ф.ғ.д., профессор Б. Жұмағұлованың қазылығымен бағаланып, жас сән өнерінің болашақ жұлдыздары түрлі марапаттарға ие болды.
Шарада Айдарбаева Әйгерім, Алимбаева Жанай, Қайыржан Арай, Махамбет Данагүл, Сәкенова Жазнұр сынды жас дизайнерлердің дайындаған сән үлгісіндегі киімдердің алғашқы көрсетілімдерін ұсынылып, әуезді әуендермен үйлесімін тапты.
Сәндік қолданбалы өнер мамандығының оң қолынан өнер тамған студенттері Әбдіқадірова Айзада мен Әбдікерім Әлия келген қонақтарға өз қолдарынан шыққан сәндік тостаған, майлы бояумен салынған пейзаждар секілді туындыларын тарту етті.
Фестиваль қорытындысында филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Р.А. Шаханова барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларды шараның ұйытқысы болған Тәрбие ісі жөніндегі проректордың «Мақтау қағаздары» және «Алғыс хаттарымен» марапаттады. 
Болашақта жастардың бойында эстетикалық талғамдарын арттыру мақсатында Тәрбие басқармасы отандық сән әлемінде өзіндік орны бар атақты дизайнерлердің қатысуымен түрлі форматта шаралар ұйымдастыратындығын алға тартып отыр.

Тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік
тілді дамыту басқармасы

 




Кері оралу