қазақша · русский · english
 
 
 
29.02.2016

«Қазақстандағы гендерлік саясат»

2016 жылы 25 ақпанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы «Сорбонна-Қазақстан» Институтында «Қазақстандағы гендерлік саясат: құқығы, ақиқаты, болашағы» атты Республикалық дөңгелек үстелі өтті. Оны ұйымдастырған: «Сорбонна-Қазақстан» Институты, «Халықаралық құқық» кафедрасы, тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасы.
Республикалық дөңгелек үстелдің салтанатты ашқан Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі С. Ж. Пірәлиев қатысушыларды құттықтап, жемісті жұмыс тіледі.
Отырыс барысында 41 баяндама тыңдалды. «Сорбонна-Қазақстан» Институтының директоры Г. Б. Нұрлыхина құттықтау сөз сөйледі. Отырысқа қатысқандар: ҚР ҰҒА академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор С. Н. Сабикенов «Қазіргі әлемдегі адамның құқығы» тақырыбындағы баяндамасымен, «Халықаралық құқығы» кафедраның меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор А. А. Сабитова «Әйелдердің құқықтары бойынша ҚР халықаралық шарттарға қатысуы» баяндамасымен, ҚР еңбегі сіңірген дипломаты, профессор К. И. Исағалиев - «Жастар арасындағы патриоттық тәрбие», Франциядан шақырылған оқытушы Амель Бен Рума ханым - «Гендерлік айырмашылықтар және корпоративтік басқару», оқытушы Симон Ройе - «Әйелдер мен еркектердің құқық теңдігі», философия ғылымдардың докторы, профессор Ш. А. Сабитова - «БАҚ халықаралық құқығы және әйелдер», доцент К. С. Кужекеева - «Мұсылман құқықтағы әйелдердің құқығы», оқытушы Д. Н. Ерғалиев - «Әлемдік саяхаттағы әйелдердің рөлі», аға оқытушылары А. Б. Ордабаева - «Баланың құқығын халықаралық қорғау», С.М. Абрешева и Г.Т. Жумаш - «Адамдарды құл саудалау: салыстырмалы-құқықтық талдау», ТЖ жөніндегі басқарма бастығы А.Ү. Абдықалықов - «ҚР гендерлік саясаттың қазіргі ахуалы», профессор Л. Х. Матақбаева - «Гендерлік саясаттағы саясаттану аспектісі», доцент Т. Н. Чумаченко - «Халықаралық саясаттағы әйелдер» және «Халықаралық құқық» мамандығының 1 курстың студенттері.
Отырыс соңында қатысушылар Гендерлік Саясаттың мақсаттарын жүзеге асыру үшін ұсыныстарды анықтады: осы тақырып бойынша ғылыми еңбектерді жариялау және жұмыстарды жалғастыру.



Фарида Амангельдықызы,
атындағы Қаз ҰПУ-дың
Баспасөз орталығының қызметкері.

 




Кері оралу