Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы / Жаңалықтар
11.11.2024
«Психологиялық қызмет. Мектепке дейінгі ұйымдардағы инклюзия ерекшеліктері» семинары 2024 жылдың 7 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының ұйымдастыруымен «Психологиялық қызмет. Мектепке дейінгі мекемелердегі инклюзияның ерекшеліктері» тақырыбында кафедраның студенттері, магистранттары, докторанттары мен профессор-оқытушыларына арналған ғылыми-практикалық семинар өткізілді.
Ғылыми-практикалық семинардың жұмысына келесі ғалымдар қатысты: Тармиза Хурвалиева - педагогика ғылымдарының докторы, практик-психолог, Ташкент облысы Чирчик мемлекеттік педагогикалық университетінің «Психология» кафедрасының доценті (Өзбекстан); Гаухар Абдуллаева - педагогика ғылымдарының докторы, Ташкент облысы Чирчик мемлекеттік педагогикалық университетінің «Арнайы педагогика» кафедрасының доценті (Өзбекстан).
Ғылыми-практикалық семинарды өткізу барысында «6В03111 -Практик психологтарды даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттер, «7М03118 - Психотерапия негіздерімен денсаулық психологиясы» білім беру бағдарламасының магистранттары, «8D03105 -Психология», «8D03117 - Клиникалық және әлеуметтік психология» білім беру бағдарламасының докторанттары инклюзия элементтері бар мектепке дейінгі мекемелердегі психологиялық қызметтің диагностикалық, түзетуші және дамытушы бағыттары бойынша авторлық әдістер мен тәсілдермен танысып, практик-психологтың жұмысы үшін құнды мәліметтер алды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|