Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы / Жаңалықтар
31.01.2024
№178 мектеп-лицейінің оқушы-қыздары арасында тәрбие іс-шарасын өткізу шеңберіндегі психологиялық жұмыс
2024 жылдың 30 қаңтарында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының аға оқытушысы, философия докторы (PhD) Нұрғайша Құдушева №178 мамандандырылған лицейдің 9-10 сынып оқушыларына арналған жалпы мектептің шеңберінде өткізілген тәрбиелік іс-шарасына қатысып, баяндама жасады.
Тәрбиелік іс-шараны №178 мамандандырылған лицей басшылығы ұйымдастырған іс-шара қазіргі қоғамда өскелең ұрпақты тәрбиелеуге арналды. Бұл іс-шараның тақырыбы қазіргі заманғы қыздардың адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуге және дамытуға бағытталған «Бой түзеу әуелі ой түзеу», деп аталды. Аға оқытушысы Құдушева Нұрғайша осы тақырып бойынша өз ойларымен бөлісіп, «Қыз өссе...» және «Жасөспірімдер арасына буллинг пен кибербуллингтің алдын-алу» тақырыптарында баяндама жасады.
Тәрбиелік іс-шараның мақсаты қазіргі қазақ қыздарының әдептілік, мәдениеттілік, сұлулық, ептілік, қарапайымдылық, кішіпейілділік, әсемдік сияқты қасиеттерін талдау, сондай-ақ қазіргі қоғамда кең таралған қыздар арасындағы буллинг мәселесі болды. Іс-шараға лицейдің 9-10 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері қатысты.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|