қазақша · русский · english
 
 
 
27.11.2023

Педагогика және психология институтының 1 курс студенттерімен QUEST -TEST ойыны

 

2023 жылдың 23 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының жалпы және қолданбалы психология кафедрасының ұйымдастыруымен 1-курс студенттеріне арналған «QUEST-TEST» ойыны өткізілді. Бұл ойынның бастамашылары ретінде кафедраның аға оқытушылары Тусубекова Кунслу, Садыкова Анель, Ингайбекова Толқын, сондай-ақ, «6В03111-Практик психологтарды даярлау» мамандығының бітіруші курс студенттері Белгібаев Батыр, Сағынғали Айым, Нұржанқызы Сая, Өскенбаев Тимур, Сисембина Далида, Тимошук Маргарита, Мыңбай Әлішер белсенді ұйымдастырушылар болды.

 

Психологиялық ойынның мақсаты - студенттердің қабілеттерін ашу, қатысушыларды психологиялық ойындардың диагностикалық және дамытушылық мүмкіндіктерімен және кафедрадағы әзірленген әдістемелермен таныстыру. Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының эдвайзерлері мен студенттері бірлесіп әзірлеген психологиялық ойын SOFT SKILLS санатындағы қабілеттерді ашуға бағытталған. Бұл ойынға институттың барлық мамандықтарының 60-тан астам студенттері қатысты: «6В013 - Пәндік мамандандырусыз мұғалімдерді даярлау», 6В018 - «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау», 6В019 - «Арнайы педагогика мамандарын даярлау», 6B031 - «Практик психологтарды даярлау», 6B011 - «Педагогика және психология», 6В012- «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту».

 

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының ұйымдастырушылары мен студенттері коммуникация, креативтілік және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға арналған қызықты ойындар өткізді. Бұл қабілеттерді әлемдік қоғамдастық ХХІ ғасырдың негізгі дағдылары ретінде таныған. «QUEST-TEST» ойыны осы дағдылардың психологиялық аспектілеріне, сондай-ақ бірінші курс студенттерін біріктіруге және бейімдеуге бағытталған. Ойын барысында студенттер көптеген жарқын әсерлерге бөленіп, психологиялық-педагогикалық құзыреттілікті жетілдіруге деген мотивация алып, керемет көңіл-күйге ие болды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу