қазақша · русский · english
 
 
 
08.12.2022

Абай университеті оқытушылары - І Республикалық психологиялық форум-семинардың қатысушылары

 

2022 жылғы 6-7 желтоқсанда «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорында «Оқушылардың қабілеттері мен дарындылығын диагностикалау және дамыту» I Республикалық психологиялық форум өтті. Форумның басты оқиғасы ретінде таланттар мен дарындыларды қолдау жөніндегі ЕСНА Еуропалық Кеңесіне «Елбасы Академиясын» ендіру және сертификаттарды табыстау болды.


Форум жұмысына Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы, Венгрия таланттар кеңесінің директоры, ЕСНА өкілі Csilla Fuszek, «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» КЕАҚ директоры Е.Н.Иманғалиев, «Қазақ психологиялық қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті М.А.Перленбетов қатысты.


Форумның басты міндеттерінің бірі балалардың дарындылығын дамыту бойынша білім беру ұйымдарының қызметіне заманауи ақпараттық және психологиялық технологияларды ендіру және шешімдерді әзірлеудегі проблемаларды анықтау болып табылады. Форумға оқушылардың қабілеттері мен дарындылығы психологиясы саласындағы жетекші отандық зерттеушілер, сондай-ақ Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының қызметкерлері профессор А.К. Сатованың жектешілігімен профессор-оқытушылар құрамынан Г.Б. Ниетбаева, Э.Д.Абишева, Г. А. Момбиева, Т. А. Ингайбекова, А. Б. Садыкова, С. А. Тукебаева, А.О.Надирбекова белсенді қатысты. Аталған оқытушылар Академияның жобаларының бірі - «Qabilet» қызметі бойынша оқушылардың қабілеттерін бағалау әдістемесін әзірлеушілер болып табылады. Форум жұмысында секциялардың біреуі толығымен іске асырылып жатқан жобаға арналды, онда әзірлеушілер жұмыс тәжірибесімен бөлісті, шеберлік сыныптарын өткізді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу