қазақша · русский · english
 
 
 
27.12.2019

Психологтартардың кәсіби мерекесі

 

2019 жылдың 25 желтоқсанында Педагогика және психология институтында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Психология» мамандығының ашылуының 20 жылдығына арналған «Психологтар күні» кәсіби мерекесі өтті.

 

Алғашқы құттықтау сөзді Педагогика және психология директоры Берікжан Әлмұхамбетов алды. Аталған мерейтойды психология ғылымдарының докторы Акмарал Сатованың жетекшілігіндегі «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы жоғары жетістіктермен қарсы алғанын атап өтті. 2019 жылда «Психология» мамандығы халықаралық аккредиттеуден өтті, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында «Атамекен» рейтингінде 2-ші орынды иеленді. Абай атындағы ҚазҰПУ рейтингісінде 9-шы орынға ие болып, Педагогика және психология институтында 2-ші орын алғанды иеленді.

 

Кәсіби мерекемен құттықтаған Л.С. Выготский атындағы Психология институтының директоры Виталий Шабельниковтің, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Жалпы және қолданбалы психология кафедра меңгерушісі, профессоры Забира Мадалиеваның және Қазақ ұлттық хореография академиясының доценті Балабек Сақтағановтың бейне құттықтаулары жағымды тосынсый болды.

 

Аға оқытушы Маншүк Құрманбекованың жетекшілігндегі студенттер мен магистранттар мерекелік концерт дайындады. Мереке бағдарламасы бойынша өтілген психологиялық драматизация, викторина, КВН, флэш-моб, сонымен қатар музыкалық және би қойылымдары көрермендердің ерекше қошеметіне бөлінді.

 

«Психология» мамандығының түлектері, халықаралық адам құқықтары орталығының медиация орталығының жетекшісі Айгерім Байсакова, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы Бейбіт Аязбаева, Жастар саясаты орталығының психологы Ақнұр Тауекел және Назарбаев зияткерлік мектептің психологы Балғын Серикбаев ұстаздарға алғыс сөздерін білдірді. Сонымен қатар, мерекеге Алматыдағы мектептердің бітіруші сыныптарының оқушылары шақырылды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

 




Кері оралу