Шетелдік студенттер Абай атындағы ҚазҰПУ
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің шетелдік азаматтарға арналған және жоғарғы оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің (Foundation) шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар және ЖОО дейінгі дайындық кафедрасында әртүрлі елдердің студенттері оқиды. Олар біздің университетімізден алып жатқан білімдері және Қазақстан туралы өз пікірлерімен бөліседі.
«Менің атым Нгуен Тхань Чунг. Мен Вьетнамнан келдім. Абай атындағы ҚазҰПУ-де магистратурада оқимын. Вьетнамдықтар: «Жолдың әр қадамы біраз даналықты арттырады»дейді. Менің армандарым үш жыл бұрын мені Қазақстанға алып келді. Мен мұнда тек орыс тілін біліп қана қоймай, басқа мәдениетте және басқа елде өмір сүру тәжірибесін үйренемін. Мұнда алғаш рет қарды көрдім!
«Мен кәріспін, Оңт. Кореядан келдім. Менің атым Юн Хесон. Неге мен орыс тілін таңдадым? Мен мектеп оқып жүріп Ресейдің Петербург қаласында болдым. Маған ресейліктердің тілдері қатты ұнап қалды: ол әуен сияқты естіледі. Сол кезден бастап мен міндетті түрде осы әуенді тілді үйренемін деп шештім
«Мен Қытайдан келдім. Менің атым Джан Чи, 3курста оқимын. Казахстан - ғажайып ел: мұнда жүзден астам халықтар тұрады. Мұнда екі астана бар - солтүстік Астана және оңтүстік Алматы. Алматының ауа райы қызық әйелдер сияқты тез өзгереді. Бұл жақта барлық жеңіл машиналар таси сияқты жұмыс істейтіні мені таң қалдырды.
«Менің атым Арифе Садат Джалали, Мен Ираннан келдім. Дайындық тобында орыс тілін оқимын. Мен Казахстанға жалғыз келген жоқпын, Менің отбасымда осында. Бұл маған шынымен көмектеседі.
«Мен Тәжікстаннанмын. Менің аты-жөнім Хусаинов Сидик. Орыс тілін үйреніп жүрмін. Бұл таңқаларлық емес, себебі Қазақстандағы орыс тілі этносаралық қарым-қатынас тілі болып табылады және оған үлкен көңіл бөледі. Орыс тілімен бірге біз «Елтану» сабағын өтеміз, онда біз Қазақстанның тарихымен, мәдениетімен және салт-дәстүрімен танысамыз. Менің ойымша, елдер арасындағы бейбітшілік пен келісімді басқа адамдардың мәдениетін білмей-ақ қабылдамай-ақ білу мүмкін емес деп санаймын».
«Мен 4 курс студентімін. Менің атым Сапабеков Адильбек, Мен түркменнен келген қазақпын. Алдымен турист ретінде келдім.Содан кейін орыс тілін үйренуді қаладым, себебі мен қазақ тілін жақсы білемін, ал орыс тілін жақсы жұмыс табуыма көмектеседі деп үміттендім. Мен Абай атындағы ҚазҰПУ -ды тағдадым, себебі ол Қазақстандағы ең алғаш ЖОО және маған аты қатты ұнады. Дұрыс таңдау жасадым деп ойлаймын.
Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар және ЖОО дейінгі дайындық кафедрасы Кафедраның халықаралық ынтымақтастық жөніндегі үйлестірушісі проф. Б.С.Балғазина
|