Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы / Жаңалықтар
13.09.2024
Қытайдан келген студенттер Қазақстанда орыс тілін үйренуге кірісті Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Қытайдан (ҚХР) 3 курстың жеті студенті Абай университетінің орыс тілі мен әдебиеті кафедрасына білім алуға келді. Олар алты ай мерзімде орыс тілін терең меңгеріп қана қоймай, қазақ әдебиетімен танысады. Бұл оларға мәдени және тілдік көкжиектерді кеңейтуге мүмкіндік береді.
Студенттер кафедра меңгерушісі С.Ж.Әбішевамен, сондай-ақ оқу барысында жетекшілік ететін эдвайзерімен танысты. Бүгінгі таңда студенттер сабақ кестелерін алып, оқуға кірісті. Оқыту бағдарламасы орыс тілін меңгеру деңгейін арттыру және мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын дамыту мақсатында дәрістер, семинарлар мен практикалық сабақтарды қарастырады.
Сондай-ақ, қытайлық студенттерге Қазақстанда уақытша тұру үшін барлық қажетті құжаттар берілді. Кафедра оқытушылары мен курстас студенттер шетелдік білім алушыларға қолдау көрсетті. Олар білім беру бағдарламасын табысты игеруге ықпал ете отырып, жаңа оқу ортасына тез бейімделуге көмектесетіндерін айтты.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|