қазақша · русский · english
 
 
 
09.11.2023

Абай университетінің ғалымдары Экономика жоғары мектебіне іссапарға барды

 

«Байтұрсыновтың конкордансы. Қазақ-орыс параллель корпусы» №АР19676988 ғылыми жобасын іске асырудың күнтізбелік жоспарына сәйкес Филология институты «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының оқытушылары Г.Ж. Байшукурова (жоба жетекшісі), С.К. Серикова (аға ғылыми қызметкер), Ш.Шаяхметова атындағы «Тіл-Қазына» Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғылыми хатшысы Н.Н.Айтова (жетекші ғылыми қызметкер) Мәскеу қаласына (Ресей) ғылыми іссапарға барды.

 

Ғылыми іссапар барысында Экономика жоғары мектебі ҒЗУ-нің Корпустық лингвистика саласындағы жетекші ғалымдары - ф.ғ.д. Е.В.Казарцевпен, ф ғ.д., проф. Е.В.Рахилинамен; РҒА Тіл білімі институтының белгілі ғалымы, ф.ғ.д., профессор, РҒА корреспондент-мүшесі А.В. Дыбомен кездесті. Сонымен қатар, «Тілдердің қол жетпейтін аймақтарда жұмыс істеуі: Арктика және басқа аймақтар» тақырыбындағы Лингвистикалық форумға (Мәскеу, РҒА тіл білімі институты) қатысып, зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысу мақсатында Ресей мемлекеттік кітапханасында болды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу