қазақша · русский · english
 
 
 
31.03.2023

Докторанттардың ғылыми семинары өтті

 

2023 жылғы 29 наурызда Филология институтының «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасында профессор Л.В.Сафронованың ұйымдастыруымен докторанттардың ғылыми семинары өтті. Семинарда «Лингвистика» мамандығыгың 3 курс докторанты Жапарова Тоғжан «Кірме лексемалардың қолданылуына синергетикалық талдау» (ғылыми жетекшісі ф.ғ.д., профессор Д.Д. Шайбакова) және «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының үшінші курс докторанты Молдағали Мадина «Litron: білім беру веб-сайтының қалыптасуының бастапқы кезеңдері» (ғылыми жетекшісі ф.ғ.д., профессор С.Д. Абишева) тақырыптарында баяндамаларын жасады.

 

Баяндамаларды белсенді талқылау нәтижесінде жас ғалымдар пайдалы ескертулер мен түсініктемелер алды. Бұл оларға зерттеу тақырыптарына жаңа көзқараспен қарауға және диссертациялық жұмыстарын нәтижелі жалғастыруға мүмкіндік береді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу