қазақша · русский · english
 
 
 
21.02.2023

Студенттер мен мектеп оқушылары Борис Пастернактың Переделкиносында қонақта болды


2023 жылдың 17 ақпанында 70-ке жуық адам Борис Пастернактың туғанына 133 жыл толуына және ТМД елдеріндегі орыс тілі жылына арналған »Өмір сүру, ойлау, сезіну, сүю, жаңалық ашу!» атты әдеби кештің қонағы болды.


Филолог-студенттер мен №165 мамандандырылған лицейдің 9-сынып оқушылары ақынның өлеңдерін оқыды. В.И.Даль атындағы Ресей әдебиеті тарихы мұражайының «Б.Пастернактың мұражайы үйі» бөлім меңгерушісі Ирина Александровна Ерисанова жастарға ақын 1939 жылдан өмір сүрген үй туралы баяндады. 1958 жылдың 23-қазанында дәл осы үйде ақынның әдебиет бойынша Нобель сыйлығын алғанындығы жайлы айтылды. Тыңдаушылар алдында ақын өмірінің суреттері ашылды: фотосуреттер мен иллюстрациялар, мұражай экспонаттары мен үйдің көріністері ақынның тағдыры мен шығармашылығы туралы көрнекі мағлұмат берді.


Валлетадағы (Мальта) Орыс үйінің жетекшісі Ирина Владимировна Переверзева Б.Пастернактың шығармашылығы туралы өз әсерімен бөлісті, ақын өлеңдерін аудару бойынша жаңа жобасы туралы айтты. Студенттер мен оқушылар ақынның Мальта тіліндегі өлеңдерін бірінші болып тыңдады.


«Орыс әдебиеті» оқулығының авторы Сәуле Әбішева мектепте ақынның шығармашылығын қалай зерттейтіні туралы айтты. Ол Б.Пастернактың бостандық идеясын және өзін биік Поэзияға қызмет етуге арнаған Суретшінің жолын толық бейнелей алғандығын айтты: «Өнер осында аяқталады, топырақ пен тағдыр тыныстап».

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу