қазақша · русский · english
 
 
 
28.12.2022

Серіктес университетте докторлық диссертация қорғалды

 

Филология институтының «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасы Ресейдің, Польшаның, Эстонияның және басқа елдердің көптеген шетелдік университеттерімен үнемі ғылыми байланыста. Солардың бірі - «Экономика жоғары мектебі» Ұлттық зерттеу университеті (Мәскеу қ.). Осы университетпен бірге кафедра үш жыл бойы ғылыми жобаны іске асырған болатын және Экономика жоғары мектебінің ғалымдары (В. Плунгян, Е. Рахилина, Е. Казарцев) біздің университетке келіп, дәріс оқыды.


2022 жылдың 23 желтоқсанында поэзия саласындағы белгілі ғалым Евгений Казарцев докторлық диссертациясын қорғап, оған «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі Сәуле Әбішева шақырылды.


«Нидерландыда, Германияда және Ресейде ямбпен өлең жазу поэзиясының қалыптасуы мен дамуының алғашқы кезеңдері» тақырыбындағы диссертацияны қорғау поэзия саласындағы көрнекті ғалымдардың қатысуымен қызу ғылыми талқылау түрінде өтті.


Вашингтон университетінің (АҚШ) Лингвистика факультетінің құрметті профессоры Марина Тарлинская, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің (Мәскеу) филология ғылымдарының докторы, профессоры Юрий Орлицкий, Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университеті, Филология институты, «Орыс әдебиеті» кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Олег Федотов, Смоленск мемлекеттік университеті, Шет тілдер кафедрасының профессоры Сергей Андреев және басқа да танымал ғалымдар өз пікірлерін білдірді.


Олардың баяндамаларында диссертацияда ұсынылған нәтижелердің жаңалығы мен үлкен теориялық маңызы атап өтілді. Е.Казарцев қолданған өлеңді зерттеудің компьютерлік әдістері поэзияның өзекті мәселелерін одан әрі зерттеу үшін мол әлеуетке ие.


Филология және лингвистика бойынша диссертациялық кеңес бірауыздан Е.Казарцевке филология ғылымдарының докторы дәрежесін беру үшін дауыс берді.


Әріптесімізді құттықтаймыз және ғылыми қызметте одан әрі табыс тілейміз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=




Кері оралу