Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы / Жаңалықтар
02.04.2020
Қашықтықтан білім беру жаңа мүмкіндіктерді ашуда Филология және көптілді білім беру инcтитуты орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары студенттерді қашықтықтан оқыту жұмысына белсене қосылды. Кафедра меңгерушісі Сауле Абишева, профессор Дамина Шайбакова, филология ғылымдарының кандидаты Гүлнүр Байшукурова, PhD докторы Алла Джундубаева және басқа да біздің әріптестеріміз көптеген жұмыстар атқаруда.
Студенттермен қашықтықтан жүргізілетін жұмыстың ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы филология ғылымдарының кандидаты Мехирниса Хавайдарова бөлісті.
«Қашықтықтан оқыту біздің өмірімізге күтпеген жерден кіріп, тікелей қарым-қатынастан айрылып, өте көп нәрсені жоғалтып алғандай болдық. Бірақ, бәрінің де өз артықшылықтары бар. Міне, «байқап көру мен қателердің» екі апталық кезеңінен кейін біз - студенттер де, оқытушылар да өздерін он-лайн оқыту ортасында сенімді сезіне бастады. Әр күніміз жаңа жаңалықтар әкеліп, жаңа мүмкіндіктер ашуда.
Бүгінде біз оқыту үшін бірнеше ресурстарды пайдаланамыз. Студенттер үшін ең қолжетімді Whats-app-мессенджер болып шықты. Онда мәтінді аудиооқу, оқу сайттарына Web-сілтемелер алу мүмкіндігі бар, студенттер мұнда құжаттарды кеңселік бағдарламаларда жібереді және файлдардың кез-келген форматтарын оқи алады. Сондай-ақ, біз бейне-сұхбат мүмкіндігін пайдаланамыз.
Біз үнемі пайдаланатын келесі ресурс - ZOOM платформасы, конференция қатысушыларының санын кеңейтіп, чатта қарым-қатынас жасауға, экранды көруге мүмкіндік береді. Жалғыз кемшілігі - дыбыс пен суретке байланысты жиі туындайтын техникалық мәселелер.
Қашықтықтан жұмыс істеуге ыңғайлы құрал Univer платформасы болып табылады, ол студенттерге жүктелген материалдарды уақытпен байланыстырмай пайдалануға және орындалған тапсырмаларды жіберуге мүмкіндік береді.
Қашықтық форматына көшуге байланысты түрлі білім беру контенттеріне жүгіну қажеттілігі туындады. Отандық контенттерден біз студенттермен бірге өзімізге қызықты әрі мазмұнды bilimland.kz платформасын аштық, онда әртүрлі пәндер бойынша көптеген оқыту бейнесабақтары бар. Алайда мұнда студенттер үшін кері байланыс жоқ, себебі сайттың негізгі аудиториясы - мұғалімдер мен оқушылар - мектеп ұжымдары, сондықтан біз сайтты ресурс ретінде қолданамыз. Егер университеттер осы сайтта жұмыс істеуге техникалық мүмкіндік берсе, біз отандық ғаламтор кеңістігінде он-лайн білім беруді дамытуға өз үлесімізді қосар едік.
Жалпы алғанда, біз өзіміз үшін жаңа болып табылатын режимде аздаған уақыт қана жұмыс істеудеміз, бірақ қызықты ойлар көп және мәжбүрлі оқшаулануымыз аяқталған кезде біз оқу үдерісін қызықты және танымдық ету үшін түрлі ақпараттық технологияларды сенімді үйлестіре аламыз деп үміттенеміз».
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|