қазақша · русский · english
 
 
 
04.10.2019

«One Asia Foundation» халықаралық білім жобасы

 

Тарих және құқық институтының Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы биыл халықаралық-ғылыми байланыстардың негізінде «One Asia Foundation» халықаралық білім жобасы жұмысын жалғастырады. «One Asia Foundation» қорының төрағасы, меценат Йодзи Сато Жапониядағы ең бай 50 адамдардың қатарына кіреді.

 

Халықаралық қордың негізгі мақсаты - Азия халықтарының прогресс пен жаһандану бағытында қалыптасуындағы кедергілер мен қиындықтарды жою арқылы Азия қауымдастығын біріктіру болып табылады.


Осы қордың Қазақстан Республикасындағы өкілетті мүшелері 2019 жылдың 3 қазан күні Мионг Сун Ок, Чан Бен-Сун, Югай Ирина Тарих және құқық институтының гуманитарлық мамандықтарының 1 курс студенттерімен танысу дәрісін өткізді. Бұл дәрісте қордың алға қойған мақсаттары және студент жастарды Азия мәдениетімен таныстырудың негізгі бағыттары ашылды.

 

   

 

   

 

 




Кері оралу