қазақша · русский · english
 
 
 
16.03.2023

«Таргетология және SMM» негіздері пәнінен «SMM Briefing» тақырыбындағы кофе-брифинг

 

2022 жылғы 15 наурызда Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушысы Айгерім Сарыбаева мен «Философия» мамандығының 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Таргетология және SMM» негіздері пәнінен жоспар бойынша «SMM Briefing» тақырыбындағы кофе-брифинг өтті.


Брифингті алғашқы сөз кезегін кафедра меңгерушісі Жомарт Симтиков ашып беріп, студенттерге брифинг барысында сәттілік тіледі. Студенттер алдын-ала берілген тапсырма бойынша 2 топқа бөлініп, Абай университетін және «Философия» мамандығын жан-жақты жарнамалап, университет пен өз мамандықтарының артықшылықтары туралы айтты.

 

Брифингке қатысқан кафедра оқытушылары Алия Сайлаубекқызы, Ұлдана Арипжанова, Әсел Батырханова брифинг барысында алған жағымды әсерлерімен бөлісті.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу