қазақша · русский · english
 
 
 
27.10.2022

Еліміздің ұлттық мерекесінің қайта жаңғыруы


2022 жылдың 26 қазан күні Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушылары Т.Дауылбаев пен Ж.Куанышбаеваның ұйымдастыруымен «25 қазан - Республика күні» тақырыбында 2 курс студенттерімен тәрбиелік-танымдық іс-шара өткізді. Іс-шара интеллектуалды пікір алмасу түрінде ұйымдастырылып, студенттермен патриотизм, құндылықтар, интеллектуалды ұлт құру негіздерін талқылаумен өтті. Іс-шара барысында жастардың болашақ интеллектуалды ұлттың тірегі екендігі ұтымды түсіндірілді. Қазіргі еңбек нарығында сұранысқа сәйкес маман бола отырып, саяси-әлеуметтік құндылықтарды дұрыс қалыптастыру қажет сияқты сұрақтардың жауабы талданып, қажетті ақпараттармен ой талқылау жүргізілді.

 

Іс-шараға кафедра оқытушылары А.Н. Бухаев, А.А. Куанышева, А.Сайлаубекқызы қатысып, ой бөлісті.

 

  alt=  




Кері оралу