Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы | Басты / Факультеттер / Тарих және құқық факультеті / Кафедралар / Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы / Жаңалықтар
18.03.2021
«Тарихқа тағзым»: онлайн-сұхбат
2021 жылдың 17 наурызында Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Жомарт Симтиков Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты №33-ші кітапхана-бөлімшесінің шақыруымен «Тарихқа тағзым» тақырыбында онлайн-сұхбат берді. Сұхбат барысында Қазақстан тарихының мектептерде оқытылуы жөніндегі мәселелер қозғалды. Тарих оқулықтары қайта қаралуы тиіс екендігіне назар аударудың маңыздылығын айта келе, оны «Қазақтың ренессансы» деп қайта түлетуді мақсатқа айналдыру қажеттігіне тоқталды. Кеңес үкіметі тұсында Қазақстан тарихы болмаған деп айтуға негіз бар, - дей келе ол өте жұқа оқулық ретінде мектептерге ұсынылғандығына тоқталды. Ұлы дала тарихын аса құрметпен зерттеу жұмыстарын жүргізе білудің маңыздылығы мәселелерін де профессор дәлелді материалдармен анықтап айта келе тыңдармандардың қызығушылығын арттырды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|