Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы | Басты / Факультеттер / Тарих және құқық факультеті / Кафедралар / Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы / Жаңалықтар
24.11.2020
Жас ғалымдар философияның қазіргі қоғамдағы өзектілігін талқылады
2020 жылдың 20 қарашасында Zoom платформасында Дүниежүзілік философия күніне арналған жас ғалымдардың ғылыми-практикалық университетаралық «Қазіргі қоғамда философия неге сұранысқа ие?» конференциясы өтті.
Конференция Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының профессоры Жұлдыз Кабаева және ол өзі ғылыми кеңесшісі болып табылатын докторанттар мен магистранттар командасының бастамасымен ұйымдастырылды. Конференцияға алдында студенттер арасында ғылыми мақалалар мен эсселер байқауы жарияланған болатын.
Конференция жұмысын саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Жомарт Симтиков ашты. Конференцияға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институтының «5В020100-Философия», «5В020100-Философия, әлеуметтану» мамандықтарының 1-ші және 2-курс студенттері, «5В011300-Биология», Жаратылыстану және география институтының «6В01514-Биология-ағылшын» мамандықтарының студенттері, сонымен қатар Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің 2-ші курс студенттері қатысты.
Төрешілік мүшелері профессор Жұлдыз Кабаева және саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының 3 докторанты: Бакыттыжамал Иманмолдаева, Жанна Рамаданова,Ғалым Малик болды. Студенттердің жұмысы әділқазылардың әр мүшесінің ұпайларын қосу арқылы бес балдық жүйе бойынша бағаланды.
Ғылыми мақалалар мен эсселер сайысына 13 студент қатысты, оның ішінде ағылшын тілінде эссе жазған Балнұр Бекназар және Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің 2 студенті Дархан Козғамбаев, Шабдан Елдияр да бар. Алғашқы 3 орынға ие болған қатысушылар: Асылбекқызы Мадина, Черемская Марина, Адилхонова Динара 10000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды, ал ең үздік 6-7 жұмыс Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының «Философский альманах» журналында жариялану үшін таңдалады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|