қазақша · русский · english
 
 
 
09.04.2018

 

«Қазақстан Республикасы құқық қорғау және сот органдарының реформасы» тақырыбындағы дөңгелек үстел

 

2018 жылдың 7 сәуірінде Тарих және құқық институтының қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы базасында «Қазақстан Республикасы құқық қорғау және сот органдарының реформасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде профессорлық-оқытушы құрамы баяндамалар жасады:

1) Абай атындағы ҚазҰПУ «Қылмыстық-құқықтық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Серғазы Құсаинов - «Жедел-іздестіру қызметтерінің субъектілері» ;

2) Абай атындағы ҚазҰПУ «Қылмыстық-құқықтық пәндер» кафедрасы профессоры Бақытжан Аққасов - «ҚР Прокуратураның мәртебесі»;

3) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті Серік Апенов - «Қазақстан Республикасындағы қылмыстық істер бойынша адвокаттық қызметті жетілдірудегі халықаралық практиканың орны»;

4) Абай атындағы ҚазҰПУ «Қылмыстық-құқықтық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Бақытжан Төлеубекова - «Қазақстан Республикасы сот жүйесінің заманауи даму тенденциясы»;

5) Абай атындағы ҚазҰПУ «Қылмыстық- құқықтар пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Гүлайна Османова - «Құқық қорғау органдары жүйесі: салыстырмалы құқықтық талдау (ҚР заңнамасы бойынша)».

Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасы құқық қорғау қызметін реформалаудың өзекті тұстары, оның жай-күйі мен жетілдіру болашағы қызу талқыланды.

 

       

 

       




Кері оралу