Құқықтану кафедрасы |
11.10.2024
Құқықтану кафедрасының профессорлары Назарбаев зияткерлік мектебінде қонақтық дәріс өткізді
2024 жылдың 10 қазанында мектептермен байланыс аясында университеттің қауымдастырылған профессоры Эльмира Кенжибекова мен қауымдастырылған профессор Жанель Сайлибаева Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Кәмелетке толмағандардың заңды жауапкершілігі» тақырыбына қонақтық дәріс өткізді. Қос профессор дәріс аясында аталған мектеп оқушыларына құқықбұзушылық түрлері, олар үшін заңды жауапкершілік және жасалған құқықбұзушылықтар үшін қолданылатын бұлтартпау шаралары туралы егжей-тегжейлі түсіндірді. Сондай-ақ, буллинг, сталкер, людомания сияқты соңғы кезде болып жатқан құқық бұзушылықтар және олар үшін жауапкершілік шаралары туралы айтылды.
Кездесу барысында мектеп оқушылары өмірлік жағдайлар бойынша сұрақтар қойып, заңгерлердің жауаптарын алды. Дәл осындай кездесулер мектеп оқушылары арасында құқықтық сауаттылықты терең меңгеруге бағытталады. Болашақта мектеп оқушылары әртүрлі кездесулер өткізіліп, мектеп басшылығымен ынтымақтастықта қызмет атқару жоспарлануда.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|