Құқықтану кафедрасы |
03.04.2023
Құқықтану кафедрасының түлегі Еркебұлан Бейімбет өз тәжірибесімен бөлісті
2023 жылғы 3 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институты «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттеріне «Заңгер» клубының жетекшісі, қауымдастырылған профессор Г.Б. Меирбекованың ұйымдастыруымен «Азаматтық құқықтық даулар бойынша прокурордың азаматтық іске қатысуы» тақырыбында қонақ-дәріс өткізілді.
Дәрістің құрметті қонағы - Алматы облысы, Іле ауданының прокуроры, 2 сыныпты заңгер, Абай университетінің 2013-2017 жылғы түлегі Еркебұлан Бейімбет. Дәріс барысында ол өз қызметіне тоқталып, осындай лауазымдағы жұмыстар туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, студенттерге құқықтық қызметке бағыт-бағдар беріп, жинақтаған білімі мен практикалық жұмыс дағдыларына сүйене отырып, өз тәжірибесімен бөлісті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|