Құқықтану кафедрасы |
25.03.2022
Алматы қаласы Медеу ауданының №2 сотында «Ашық есік күні» өткізілді
2022 жылдың 24 наурызында Алматы қаласы Медеу ауданының №2 сотында Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының заң мамандығы 2-3 курс студенттерінің қатысуымен онлайн форматта «Ашық есік күні» өткізілді.
Іс-шараның мақсаты - соттағы жұмыс барысын тәжірибе жүзінде көрсету, студенттердің көкейтесті сұрақтарына жауап беру және жалпы заңгерлердің жұмысы туралы әңгімелеу. Сот төрайымы - А.Ш.Маликова мен кеңсе меңгерушісі А.А.Бегманов соттың іс - қағаз айналымы, сот процестерінің өткізілу тәртіптерін түсіндірді.
Іс-шара барысында студенттер сот процесіне ерекше қызығушылық танытып, басты сот талқылауында қолданылатын ҚПК-тің принциптеріне назар аударып, пікір-талас орнатуда жоғарғы белсенділік көрсетті.
Сот жүйесінің қызметкерлерімен өткізілетін мұндай кездесулер болашақ заңгерлерге ауадай қажет, олардың қоғамды тәрбиелеу және сала мамандарын даярлау, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын мүлтіксіз орындау және заң бұзушылықтардың алдын алу үшін өте маңызды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|