қазақша · русский · english
 
 
 
10.12.2021

ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі Унзилла Шапаққызының қатысуымен вебинар өтті


2021 жылдың 09 желтоқсанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті  Құқықтану кафедрасының студенттері мен магистранттарына профессор, Конституциялық Кеңестің мүшесі Унзилла Шапаққызымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «Конституция-тәуелсіздік тұғыры» тақырыбында вебинар өткізілді.

 

Вебинарды Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің зерттеу қызметі жөніндегі проректоры Бөрібаев Ермек ашып, Унзилла Шапаққызына өзінің ризалығын білдіріп, сәттілік тіледі.

 

Вебинар барысында Унзилла Шапаққызы Конституция нормаларындағы айырмашылықтарды, енгізілген түзетулердің себептерін талқылап, ел азаматтарының негізгі құқықтары мен бостандықтарын тек Конституция ғана анықтайдығын, Қазақстан Республикасының Президенті олардың сақталуының кепілі екендігін атап өтті. Унзилла Шапаққызы, сөз соңында студенттер мен магистранттардың қойған сұрақтарына жауап беріп, Құқықтану кафедрасына «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы» оқулығының 5 данасын сыйға тартты.

 

Вебинар соңында Құқықтану кафедрасының меңгерушісі Көшпенбетов Бақытқали мағыналы, мазмұнды ой бөліскені үшін Унзилла Шапаққызына алғыс білдіріп, Университеттің Басқарма Төрағасы - Ректоры Біләлов Дархан  жолдаған алғыс хатымен марапаттады.

 

   




Кері оралу