Құқықтану кафедрасы |
22.11.2021
Абай атындағы ҚазҰПУ құқықтану кафедрасының студенттері 76-шы ғылыми конференцияға белсене қатысты
2021 жылдың 19 қарашасында Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Ұлттық Университетінде жыл сайын өтетін Студенттер мен магистранттардың кезекті 76-ғылыми конференциясы Тарих және Құқық институтында өз жұмысын бастады.
«Құқықтану» кафедрасы «Заңгер» клубы «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу мәселелері» секциясының отырысын «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі Көшпенбетов Бақытқали ашып, қатысушы студенттерге олардың білімін шыңдап, бекітетін осындай конференциялар мен дөңгелек үстелдер, жиындар екенін айтты. Және де барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Одан кейін сөз алған кафедра оқытушылары Меирбекова Г.Б., Белхожаева Д.Ж., Байсымақова Д.С. Рахимова Г.Н., секция жұмысы екі форматта, яғни, онлайн және офлайн өтетінін және өту тәртібімен таныстырып өтті.
Алдымен сөз алған 3-курс студенті Мәдіхан Шахаризада «Коллектрлік қызметті жетілдірудің құқықтық жағдайы» атты баяндамасымен тәжірибелік мысалдармен, кәзіргі кездегі өзекті мәселені қозғап, сұрақтарға жауап берді.
Конференцияға тапсырыс берген 12 студент түгел қатысып, сұрақ-жауап түрінде тартысты өтті. Студенттердің тікелей пікірталастарды сағынып қалғаны көрінді.
«Құқықтану» кафедрасы «Заңгер» клубы «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу мәселелері» секциясының кезекті 76 ғылыми конференциясын жоғары деңгейде өткізіп, қорытындылады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|