қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
23.05.2022

«Ар-ұждан дауысын есту...» ой-толғау сабағы


2022 жылдың 20 мамырында «Мейірім» клубының рухани-адамгершілік және мәдени-ағартушылық бағыттары бойынша Г. К. Ширинбаеваның жетекшілігімен «6В01801-Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы бойынша 1 курс ерікті-студенттері Алпамыс Н., Ахметбек А., Әшірбек А., Махамбетова Ұ., Мұхаметқажы А., Сапархан Ә., Спархан А. «Ар-ұждан үнін есту» ой-толғау сабағын өткізді.


Іс-шараның мақсаты - Шәкәрім мен Абай еңбектері бойынша рухани-халықтық ілімінде адамгершілік өмір заңдылықтары туралы «ар-ождан» ұғымының терең мағынасын ашу. Ой-толғау-сабағына негізіне жағымды ойлауды және болашаққа деген сенімді қалыптастыру әдістері: тыныштық сәті (Нұрға бөлену...); «Менің ар-ұждан дауысым айтады...» тақырыбында презентация, бейнефильмдер қарау, шығармашылық жұмыс: «Сыпайылық ережелерін жасау»; этикет ережелерін білуге арналған викторина; жағдаяттық мәселелерді шешуге арналған практикум; ой-диалогтары; «Не істеуге болмайды?» ойыны; өмірлік жағдайларды талқылау; топтық ән айту; рефлексия, сабақ қорытындысы алынған. Ар-ұжданды ішкі дауыс ретінде талқылау балалардың санасына іс-әрекеттің қозғаушы күші болып табылатын моральдық мысалдар туралы идеяларды жарқын түрде жеткізуге мүмкіндік берді. Іс-әрекет рефлексиясын балалар үйі тәрбиеленушілерінің адамгершілік денсаулығын оятатын қазақ халқының "Қара жорға" биінің қуатты белсендіретін элементтері жалғастырды. «Арқан тартыс» («Перетягивание каната») ұлттық спорт ойынының қорытындысы бойынша ең белсенді қатысушыларға алғыс хаттар мен тәттілер табыс етілді. Іс-шара соңында қатысушылар осы тамаша акцияны өткізу барысында алған жағымды әсерлерімен бөлісті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

«Мейірім» еріктілер клубы