қазақша · русский · english
 
 
 
05.04.2021

«Третьяков галереясы. Өткен, бүгін және болашақ» вебинары

 

2021 жылы 2 сәуірде ZOOM платформасында «Третьяков галереясы. Өткен, бүгін және болашақ» тақырыбында вебинар өткізілді. Модератор вебинарды ұйымдастырушы дизайн кафедрасының доценті Мария Дербисова болды.

 

Вебинар Ғылым айы аясында студенттер, магистранттар және оқытушылар құрамына арналып ұйымдастырылды. Вебинарды Мемлекеттік Третьяков галереясының аға ғылыми қызметкері Светлана Капырина (Мәскеу қ., Ресей) өткізді.

 

Іс-шара барысында Светлана Капирина тақырыпқа арналған презентациясын көрсетіп Третьяков галереясы, оның құрылу тарихы туралы кеңінен әңгімелеп берді, залдар интерьерлерінің материалдарын және мұражай карантиндік жағдайда қалай жұмыс істейтіні көрсетілді. Слайдтар фотосуреттердің үлгілері арқылы көрсетіліп, қалпына келтіру жұмыстары егжей-тегжейлі сипатталды.

 

Зерттеуші Светлан Капырина қойылған сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап беріп, 1-ші курс магистранттарының сұрақтарына жауап берді, бұл оның пікірінше өте қызықты және маңызды болып көрінді.

 

Профессор Оңал Абишева қазіргі кезде Третьяков галереясында тұрған Қазақстан суретшілерінің суреттері туралы, атап айтқанда Қанапия Телжановтың «Жамал» шығармасына қатысты сұрақ қойды. Зерттеуші осы мәселе бойынша толық ақпарат беріп, оны ұйымдастырушыға жіберуге уәде берді (Мария Дербисова ).

 

Третьяков галереясының зерттеушісімен онлайн-вебинар студенттер, магистранттар және кафедраның профессор-оқытушылар құрамы үшін өте маңызды және қызықты оқиға болды. Вебинарға қатысушылар басқа елдердің мұражайларына бара алмайтын карантин жағдайында слайдтардағы фотосуреттер негізінде XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың басындағы әлемдік маңызы бар кескіндеме өнерінің туындыларымен танысты.

 

   

 




Кері оралу