Педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
05.04.2019
Кітап - білім көзі және жан азығы
Университетімізде «Педагогикалық шеберлік академиясы» аясында «Оқырмандар клубы» негізінде студенттеріміз осы оқу аралықта (семестрде) оқуға тиіс болған кітаптарын ортаға салып, шығарма мазмұнын жан-жақты аша білді.
Ақгүл Ақтамбергенова берілген шығармалардың бәрін оқығандығымен, ерекше талдау стилімен сұрақтарға жауап беріп, 50 ден астам қатысушылар арасынан бас жүлдені жеңіп алды. Одан кейін ойлы оқырман арасынан Айдана Абатова,Аяжан Тойғазина және Алина Үткелбаева жүлделі орындарды иеленді.
Студенттеріміз өз жетістіктеріне дән риза, алдағы уақытта осы дағдыларымен екі апта ортаға салып, ұстаздыққа терең бойлайтын кітаптарды оқимыз деп шешті.
20 сәуірде сағ. 9.00-11.00 аралығында талқыланатын кітаптар мен шығармалар: Григорий Петров - «Финляндия ақ лала гүлдер елі»
Әңгімелер: Г. Сейтжан - «Бұрым», А.Алтай - «Түсік», С.Мұратбеков - «Жусан иісі», Б.Сарыбай- «Рауғаш ерте гүлдейді».
Т.Әбдік - «Тозақ оттары жымыңдайды», Т. Әбдік - «Әке».
Эссе: З.Ахметова - «Шуақты күндер».
Романдар: Ш. Мұртаза- «Ай мен Айша», С. Мұратбеков - «Жабайы алма», Ж.Аймауытов - «Ақбілек».
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|