қазақша · русский · english
 
 
 
03.04.2019

«Университет-Мектеп» ынтымақтастығы

 

Педагогикалық ғылым мен практиканы интеграциялау, білім беру жүйесінде инновациялық іс-әрекетті дамыту және мектеп педагогтарының педагогикалық мәдениетін қалыптастыру мақсатында Алматы қаласында Қалалық Педагогикалық оқулары өткізілді.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ педагогика кафедрасының профессор-оқытушылары п.ғ.к., профессор Шолпан Колумбаева, п.ғ.к., профессор Айман Берикханова, п.ғ.к., доцент Светлана Жұмашева, педагогика магистры Саят Ибраимов инновациялық жобаларды, авторлық бағдарламаларды және мектепті дамыту бағдарламаларын сараптамадан өткізуге белсене қатысты.

 

Педагогикалық оқулардың қорытынды 3-ші кезеңі 28-29 сәуірде түрлі секциялар мәжілісі бойынша өткізілді, онда:

- сараптамалық кеңестің төрайымы және «Білім берудегі менеджмент» секциясының модераторы Шолпан Колумбаева;

-сараптамалық кеңестің төрайымы және «Тәрбие үдерісі» секциясының модераторы Айман Берикханова;
- сараптамалық кеңестің төрайымы және «Негізгі орта және жалпы орта мектеп» секциясының модераторы Светлана Жұмашева;
- «Тәрбие үдерісі» секциясының модераторы Саят Ибраимов жұмыс атқарды.

 

Ынтымақтастық болашақта жалғаса береді!

 

   

 

   

 

  




Кері оралу