қазақша · русский · english
 
 
 
19.11.2024

2 курс студенттеріне арналған шеберлік сыныптары


2024 жылдың 15 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті педагогика кафедрасы 2 курстың педагогикалық практикасы аясында Алматы облысы, Іле ауданының №29 мектебінің педагогтары өткізген ФМжИФ және ТжҚФ студенттеріне шеберлік сыныптарын ұйымдастырды.

 

Іс-шараға Іле ауданының әдіскері Ақмарал Молдағұлова, №29 мектеп директоры Зинат Қойшыбаева, мектеп мұғалімдері Төлеухан Бақытгүл, Хашабай Қайрат, Регина Аманқұлова, Гүлжан Сегізбай, Ләззат Жұмабайқызы қатысты.

 

Шеберлік сыныптарды өткізудің мақсаты - болашақ педагогтардың тәрбие саласындағы кәсіби құзыреттіліктері мен дағдыларын және математика мен тарихты оқыту әдістемесінің негіздерін қалыптастыру, студенттердің педагогикалық қызметке деген ынтасы мен қызығушылығын арттыру болды.

 

Тәрбиенің өзекті мәселелері және пәндерді оқыту әдістемесі мәселелері бойынша: «Құндылыққа бағыталған тәрбие: отбасы және мектептің ролі», «Оқушы, ұстаз және ата-ана үштігі - тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы», «Математика пәнінің өмірмен байланысы», «Математика сабағына сауаттылық есептерін кіріктіру», «Lesson study: оқушылардың білімін сапасын артыру құралы» тақырыптары қаралды.

 

Іс-шараға педагогика кафедрасының ПОҚ, «6В01- педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша білім алатын ФМжИ және ТжҚФ 2 курсының 100-ден астам студенті қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу