қазақша · русский · english
 
 
 
15.04.2024

«Цифрлық сауаттылық заманауи білім сапасын арттыру құралы ретінде» ғылыми-әдістемелік семинары

 

2024 жылдың 12 сәуірінде Ғылым онкүндігі аясында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институты, педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен «Цифрлық сауаттылық заманауи білім сапасын арттыру құралы ретінде (Google қосымшалары негізінде)» тақырыбында ЖОО оқытушылары мен докторанттарына, магистранттары мен студенттеріне арналған ғылыми-әдістемелік семинар өткізді.

 

Семинарды ұйымдастырушылар - аға оқытушылар Ибраева М.Қ. және Жанғазиева Т.Ә.

 

Семинарға 50-ге жуық оқытушылар мен докторанттар, магистранттар, студенттер қатысып, цифрлық сауаттылықтың барлық салада қажеттілігі айқындалды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу