қазақша · русский · english
 
 
 
06.12.2023

Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар

 

2023 жылдың 5 желтоқсанында Педагогика және психология институтының педагогика кафедрасында халықаралық ынтымақтастық аясында «Педагогикадағы зерттеулерді дамыту векторлары: педагогикалық университеттің миссиясы» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. Спикерлер: Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей) ректорының міндетін атқарушы Макарова Наталья және ОМПУ педагогика кафедрасының меңгерушісі Дроботенко Юлия.

 

Семинардың мақсаты - педагогикалық зерттеу саласындағы диалог, тәжірибе және пікір алмасу, олардың нәтижелерін, ғылыми ізденістер жүргізу әдістері мен нысандарын жариялау.

 

Семинардың ашылуында стратегия және интернационалдандыру жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариева халықаралық ынтымақтастық, педагогикалық жоғары оқу орындарының ғылыми-әдістемелік өзара іс-қимылы жас зерттеушілердің ғылыми-зерттеу құзыреттіліктерін дамытуда маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, баяндамашыларға Абай атындағы ҚазҰПУ ректорының атынан алғыс хаттар табыс етті.

 

Семинарда педагогикалық зерттеулердегі ғылыми жаңашылдық мәселелері, әдістері, педагогикадағы зерттеу нәтижелерінің жаңа форматтары талқыланды. Баяндамашылар ОМПУ 2022, 2023 жылдары жүргізілген педагогикалық ғылымдар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен таныстырды.

 

Институт директоры Абаева Ғалия мұғалімдердің білім беру саласындағы бірлескен ғылыми жобалардың ерекше маңыздылығын атап өтті.

 

Педагогика кафедрасының меңгерушісі Шолпан Колумбаева әріптестерін кафедраның ғылыми-зерттеу бағыттарымен таныстырып, ОМПУ педагогика кафедрасымен алдағы уақытта ынтымақтастық орнатуға дайын және қызығушылық танытты.

 

Қатысушылар баяндамашыларға көптеген сұрақтар қойып, семинарда көтерілген мәселелер бойынша өз пікірлерін білдірді (профессорлар Қ.Қ.Жампейісова, Н.Н.Хан, т.б.).

 

Семинар аралас форматта өтті, 60-тан астам адам қатысты: оқытушылар, магистранттар, докторанттар, Абай атындағы ҚазҰПУ, НЗМ оқытушы-зерттеушілері, ОМПУ және Шыршық мемлекеттік педагогикалық университетінің (Өзбекстан) педагогика кафедрасының оқытушылары қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу