Педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
28.11.2023
Жоғары педагогикалық білім беру әдіснамасының өзекті мәселелері
2023 жылдың 27 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының педагогика кафедрасында «Жоғары педагогикалық білім беру әдістемесінің заманауи аспектілері» жалпы университеттік ғылыми-әдістемелік семинар болып өтті.
Іс-шараның мақсаты - жоғары педагогикалық білім беру (ЖПБ) әдіснамасының заманауи аспектілерін ашу және педагог кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері болды.
Семинар спикері профессор Қ.К.Жампеисова әдіснаманың мәнін, мазмұнын, деңгейлерін, әдіснамалық мәдениетті қалыптастыру мәселелерін ашты. Семинардың өзекті мәселелерін талқылау барысында кафедра меңгерушісі, профессор Ш.Ж.Колумбаева, Ферғана мемлекеттік университетінің (Өзбекстан) педагогика факультетінің деканы Бекзод Байджанов, аға оқытушы Б.Б.Атабекова сөз сөйледі. Әдіснамалық семинар жетекшісі, профессор-зерттеуші А.Е.Бериханова семинарға қатысушылардың назарын оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен тәжірибесін интеграциялау үшін әдістемелік білімнің маңыздылығына аударды.
Семинарға Ферғана мемлекеттік университетінің, Санкт-Петербург гуманитарлық университетінің Алматы филиалының, Қарағанды техникалық университетінің, Қостанай өңірлік университетінің оқытушылары, Педагогика және психология институты кафедраларының оқытушылары, НЗМ ДББҰ Білім беру бағдарламалары орталығының мамандары, Алматы қаласы НЗМ ХББ мұғалімдері қатысты.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|