Педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
16.10.2023
«Жасасын Ұстаз!» TikTok челленджінің нәтижелері
2023 жылдың 16 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының педагогика кафедрасы ұстаздықты дәріптеу, мамандыққа деген қызығушылықты арттыру, XXI ғасыр ұстазының шеберлігін қалыптастыру мақсатында 2 курс студенттері арасында өткізген «ЖасасынҰстаз» TikTok челленджіне қатысушылармен онлайн-кездесу өткізді. Конкурсқа студенттердің әлеуметтік парақшаларына (TikTok, Instagram, YouTube) #ЖасасынҰстаз хэштегімен жарияланған 100-ден астам бейнероликтер келіп түсті.
Конкурс қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды. Қазақ тілінде оқитын топтар арасында 1-ші орынды - ФОК 223 топ, «Физика» мамандығы; 2-ші орынды - 206 топ, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы; 3 орынды - 201 топ, «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы жеңіп алды.
Орыс тілінде оқытатын командалар: 1 орын - Білей Е., Асылова У. («Биология» мамандығы), 2 орын - Бибосынова М., Шашкова К., Нұрсұлтанқызы Т., Бекпулатова Л., Ұлықбек А., Жанаева А., Ушур Н. және Бордюг Т. («Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы), 3 орын - Кәрім Г., Орнабиденова Н. («Орыс тілінде оқытатын орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы).
Жеңімпаздардың бейнероликтері педагогика кафедрасының әлеуметтік парақшаларында (Instagram, YouTube, Facebook) орналастырылады. Студенттерге белсенділіктері үшін алғысымызды білдіреміз.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|